Ливанда метеорит құлады

09.11.2020 14:58

Жазық жерге құлап, салдарынан плантацияда өрт шыққан

depositphotos.com

Ливанның солтүстігіндегі Аккар провинциясында метеорит құлап, өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ливанның ұлттық NNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әл-Талил елді мекенінің тұрғындары аспанда сфералық формадағы метеоритті көріп таңқалған. Ол жазық жерге құлаған, салдарынан плантацияда өрт шыққан.

Елді мекен тұрғындары бұл құбылысты "біртүрлі" деп атаған. Оқиғадан зардап шеккен адамдар туралы мәлімет жоқ, әрі метеорит құлауы салдарынан туындаған залал анықталмаған.