Музыканттар жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетуге тырысты
Америкалық әнші Дэвид Олни Флорида штатындағы авторлық әндер фестивалінде көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Variety-ге сілтеме жасап.
Олнидің концерті сенбі, 18 қаңтар күні болған. 71 жастағы әнші орындықта отырып ән шырқаған. Кенет өзін жайсыз сезінді. Көрермендер мен әріптестері әншінің біраз демалғысы келді деп ойлаған. Сондықтан көмекке асықпады.
Кешке қатысушалар үшінші әнді орындау кезінде Олни өзін жайсыз сезінгенін айтады. Ол жиылған жұрттан кешірім сұрап, басын төмен түсірген. Музыканттар жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетуге тырысты. Алайда әншіні аман алып қалу мүмкін болмады.