5 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Түркияда су тасқынынан 14 адам қаза тауып, бес адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Шанлыурфада 12 адам, Адияманда екі адамның қаза тапқанын, 5 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.
"Іздеу жұмыстарын таң атқанша жалғастырамыз. Сондай-ақ шығынды анықтау жұмыстары да басталды", - деді ол.
Басылым мәліметінше, 14 наурызда Шанлыурфада қатты жаңбыр жауған. Сел провинцияның әкімшілік орталығының бірқатар көшесі мен даңғылын басып қалған.