Сирия президентінің әйеліне ота жасалды

28.01.2019 14:59

Сирия президенті Башар Асадтың әйеліне жасалған қатерлі ісікті алып тастау отасы сәтті өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. 

«Асма Асад қатерлі ісіктен айығу бойынша әлі ем алып жатыр. Әскери госпитальде жасалған ота сәтті өтті», - делінген Сирия президенті кеңсесінің баспасөз релизінде.

Еске салайық, 2018 жылдың тамызында Асма Асадта ерте кезеңдегі қатерлі ісік анықталған болатын.