Сингапурдегі технология және дизайн университетінің ғалымдары әлемде коронавирус пандемиясы жыл соңына қарай аяқталады деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Америкалық The New York Post басылымының хабарлауынша, АҚШ-та дерттің таралуына күзде тосқауыл қойылады.
Сингапурлық ғалымдар зерттеу жүргізу үшін арнайы математикалық үлгіні пайдаланған, ол әлем бойынша адамдардың коронавирус жұқтыру және одан жазылу динамикасын көрсеткен.
«Бұл пандемия биыл желтоқсанда аяқталады», – деген қорытындыға келген ғалымдар.
Дегенмен, бұл тек болжам ғана, сондықтан әлем елдерінің шектеулерді алып тастауға асықпағаны жөн, дейді зерттеушілер.
Айта кетсек, бүкіл әлемде COVID-19 инфекциясы 5 409 332 адамнан табылды. 344 018 адам қайтыс болды, 2 250 641 адам сауықты.
Қазақстанда коронавирус табылғандар саны 8 322 адамға жетті, өсім – 5,1%.