Инкассатор жолға түсіріп алған ақшаға адамдар таласа-тармаса лап қойды (видео)

Инкассаторлар шашып алған ақшаның көлемі шамамен 175 мың долларды құрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың Джорджия штатында инкассатор көлігінен бір бума ақша ұшып түсіп, жолды жағалай шашылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл оқиға 9 шілдеде Атланта қаласы маңындағы жол орамасында орын алған. Көліктің артқы есігі ашылып кетіп, бір бума ақша ұшып кеткен. Видеода оның артынан келе жатқан көліктің иелері жолдың шетіне тоқтап, жаппай ақшаны жинауға кіріскенін көруге болады.

Данвуди қаласының полициясы осы жайтқа байланысты ресми мәлімдеме жасады.

«Түсінемін, артық ақша кімге керек емес дейсіз? Дегенмен бұл ұрлыққа жатады, сондықтан оны кері қайтарыңыздар! Жолдағы «ақша құйыны» жол-көлік қозғалысына ешқандай кедергі келтірген жоқ шығар деп сенеміз»,  деп жазды Facebook-тегі ресми парақшасында полициядағылар.

Алдын ала дәйек бойынша, инкассаторлар шашып алған ақшаның көлемі шамамен 175 мың доллар, яғни 67 млн теңгені құрайды.

Новости партнеров