Жас жұбайлардың некесі қиылғаннан кейін 3 минуттан соң ажырасуға өтініш берді

08.02.2019 15:01

news.ru

Кувейтте екі жас некелері қиылғаннан кейін бірнеше минуттан соң ажырасып кетті, деп жазады sn.kz порталы РИА Новости ақпараттық басылымына сілтеме жасап.

Неке қию рәсімінен кейін жас келін аяғы тайып құлап қалған. Ер адам оны тұрғызудың орнына күліп, «жынды» деп келемеждеген. Бұны естіген әйел жылап, дәл сол жерде некесін қиған адамға ажырастыруын сұраған.

Жас жұбайлар небәрі 3-ақ минут ресми некеде болып, рекорд жаңартты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде неке қиылған соң 15 минуттан кейін ажырасып кеткен отбасы болған.