Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде
Израильдің солтүстігіндегі бұқаралық діни мереке кезінде туындаған қыспақтың салдарынан 10 адам мерт болып, 100-ден аса адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға Галлиледе Мерон тауында он мыңдаған ультраортодоксальды яһуди жиналған Лаг ба-Омер мерекесін тойлау салтанаты кезінде болды. «Маген Давид Адом» (MDA) медициналық қызметінің ақпаратынша, оқиғадан 36 адам жеңіл, 3 адам орта деңгейдегі жарақат алған және 10 адам көз жұмған.
Израиль медициналық қызметіне сілтеме жасаған «Франс Пресс» агенттігінің мәліметінше, оқиға кезінде 38 адам көз жұмып, 100-ден аса адам жарақат алған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.