|
14.08.2022 | 10:03
6249

Ер адам отбасылық жанжалдан кейін 10 адамды атып тастады

Черногория билігі бұған дейін шабуыл құрбандарын еске алу үшін үш күндік аза тұту жариялаған

Ер адам отбасылық жанжалдан кейін 10 адамды атып тастады © Sputnik / Варвара Гертье

Черногорияның тарихи астанасы Цетинеде екі бала шабуылдың құрбаны болды. Оқ атқан адамды қоса алғанда 11 адам қаза тапты, алты адам жараланды. Бұл туралы республикадағы полиция басқармасының басшысы Зоран Брджанин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

"Бүгін біз 11 ер адам мен әйелден, соның ішінде екі баладан айырылдық... Әзірге белгісіз жағдайда 34 жастағы Цетине тұрғыны Медовина ауданындағы өзіне тиесілі үйінде пәтер жалдап тұрып жатқан отбасыға оқ атты. Ол аңшылық мылтықты қолданып, біреуі сегіз, екіншісі он бір жастағы екі баланы өлтірді, олардың анасы алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды", - деп Брджаниннің мәлімдемесін келтірді ішкі істер министрлігі.

"Одан кейін ол көшеге шығып, сол мылтықпен қала тұрғындарына оқ атып, тағы жеті адамды өлтіріп, алты адамды жаралаған. Азаматтардың шағымы бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, тәртіп сақшыларының біреуі атыс кезінде ауыр жарақат алған", - деді полиция басқармасының басшысы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиғаға отбасылық жанжал себеп болған.

Черногория билігі бұған дейін шабуыл құрбандарын еске алу үшін үш күндік аза тұту жариялаған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир