Нью-Йорк метросында жолаушыларға оқ жаудырған ер адам ұсталды

edition.cnn.com
edition.cnn.com
Полицейлер күдіктінің әлеуметтік желіде әдепсіз сөздерге толы жазбаларын тексеріп, осындай әрекет жасауының себебін анықтауға тырысып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нью-Йорк метросында жолушыларға оқ атқан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полиция 62 жастағы Фрэнк Джеймсті Манхэттеннің Ист-Виллидж ауданында ұстады.

Бруклиннің оңтүстігіндегі 36-шы көшедегі метро станциясында таңертеңгі қарбалас уақытта атыс болып, салдарынан ондаған адам жарақат алған.

«Нью-Йорк полициясының жүздеген детективі соңғы 30 сағат ішінде көп жұмыс атқарды. Олар ФТБ, Лаңкестікке қарсы бірлескен орталық, Нью-Йорк полициясының қару қолданылған қылмыстарды барлау орталығы және АҚШ маршалдары басқаратын аймақтық жұмыс тобын қоса алғанда, құқық қорғау саласындағы әріптестерімізбен бірлесіп жұмыс істеген. Біз оны қоршап алдық. Қашатын жері болмады», - деп мәлім етті Нью-Йорк полициясының комиссары Кичант Сьюэлл.

Полицейлер күдіктінің әлеуметтік желіде әдепсіз сөздерге толы жазбаларын тексеріп, осындай әрекет жасауының себебін анықтауға тырысып жатыр.

Джеймс шабуылдан бір күн бұрын YouTube сайтында жарияланған бір видеода қара нәсілділерге қарсы қылмыстарды сынап, оған шара қолдану керегін айтады.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Нью-Йорктегі Бруклин станциясында атыс болып, кемінде 13 адам жарақат алды.

Новости партнеров