Қалыңдықпен бірнеше ер адам би билегісі келген
Ресейдегі Қарашай-Шеркес республикасында үйлену тойының қонағын атып тастады, деп жазады Almaty.tv тілшісі "112" Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Қалыңдықпен бірнеше ер адам би билегісі келген. Олардың арасында жанжал басталып, соңы оқ атумен аяқталды.
Кеуде тұсына оқ тиген ер адам ауруханаға жеткізілді. Ол есін жимастан жан тапсырған.
Күдіктілер – 31 жастағы Аслан Утагонов пен 32 жастағы Самвел Киракосян. Болған жағдайдан кейін олар ақ Porsche Cayenne көлігімен ізін суытқан.
Біреуі ұсталды, екінші күдікті іздестіріліп жатыр.
Дереккөзі: Sputnik