БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Армения мен Әзербайжанды оқ атуды тоқтатуға және келіссөздерге кірісуге шақырды

30.09.2020 15:07

Бұл туралы БҰҰ жанындағы Нигердің тұрақты өкілі Абду Абарри жабық кеңес қорытындысында мәлімдеді

pravda.ru

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Армения мен Әзербайжанды оқ атуды тоқтатуға және келіссөздерге кірісуге шақырды. Бұл туралы БҰҰ жанындағы Нигердің тұрақты өкілі Абду Абарри жабық кеңес қорытындысында мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Қауіпсіздік кеңес мүшелері қолданылған күштерді қатаң түрде талқылады және адам өліміне байланысты көңіл білдірді», – делінген Абарри оқиған баспасөзге арналған материалда.

Сондай-ақ, Абарри БҰҰ ҚК қақтығыс аймағында жағдайды реттеу үшін қолдан келгенін жасайтынын атап өтті.

«Біз жағдайды басу үшін Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері ретінде қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Егер қажет болса, бір байламға келу үшін Нью-Йоркте және қақтығыс орнында екі тараппен де сөйлесеміз», – деді ол.

Еске салайық, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Себебі Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы ақпараттарға сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ «әуе және зымыран шабуылына тап болған», Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.