Brent мұнайының бағасы алғаш рет 89 доллардан асты

19.01.2022 17:18

Бұған сәрсенбі күні Мәскеу уақытымен 04:48-де сауда алаңындағы деректер дәлел

inbusiness.kz

2022 жылдың наурызында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны лондондық ICE биржасында 1,73%-ға өсіп, барреліне 89,02 долларға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұған сәрсенбі күні Мәскеу уақытымен 04:48-де сауда алаңындағы деректер дәлел. Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қазанында барреліне 89 доллардан асқан. Мәскеу уақытымен 04:53-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 88,95 доллар (+1,65%) болған. WTI-дегі фьючерс 1,71%-ға қымбаттап, барреліне 86,89 доллар болды.

Теги: нефть рост