Ресейде бөгет бұзылып, 12 адам қайтыс болды
Sputnik
Тағы 19 адам зардап шеккен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейдің Красноярск өлкесінде бөгет бұзылуынан кемінде 12 адам қаза тапты. Тағы 13 адам табылмай жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті уақытпен түнгі сағат екілер шамасында Красноярск өлкесіндегі Курагин ауданының Щетинкино елді мекенінде Сейба өзенінде алтын өндіруші артель салған бөгет бұзылып кеткен, тасыған су жұмысшылардың уақытша салған екі жатағын шайып кеткен.
«12 адам қаза тапты», - деп мәлімдеген елдің Төтенше жағдайлар министрлігі.
19 адам зардап шеккен, 13 адамның жағдайы анықталып жатыр. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30