Түркияда болған жер сілкінісінен 15 адам қаза тапты

25.01.2020 15:08

Элязыг провинциясының 553 тұрғын емханаға жеткізілген

Sputnik

Түркияның шығысында 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Элязыг провинциясында тіркелген. Зізаладан 15 адам қаза тауып, 553 тұрғын емханаға жеткізілген. Түркияның қоршаған ортаны қорғау және қала құрылысы министрінің айтуынша, Элязыг провинциясының Сивридж уезде 5 және Малатья провинциясындағы Доганйол ауданында 25 ғимарат құлаған. Еске салсақ, бұған дейін Анкара түрік провинциясының Акюрт ауданында бейсенбі күні магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінгені туралы хабарлаған болатынбыз.