Жапонияда лайнердің 174 жолаушысы коронавирус жұқтырған

12.02.2020 15:09

Йокогама портына келіп тоқтағанда лайнерде 3700 адам болған

Фото :twitter.com/mlnangalama


Diamond Princess лайнерінің тағы 39 жолаушысы коронавирустың жаңа түрімен науқастанды. Бұл туралы жағдайды бақылап отырған РФ денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«39 адамнан жаңа коронавирус инфекциясы анықталды, олар медициналық мекемелерге жіберіледі. Осылайша, 174 адамнан коронавирус анықталды», - делінген ведомство хабарламасында.

Жапония денсаулық сақтау министрі Като Кацунобудың айтуынша, вирустың жаңа түрі карантин қызметінің бір қызметкерінен анықталған.

Дүйсенбіден бастап коронавирус инфекциясын жұқтырған 65 адам тіркелген. Бастапқы жоспар бойынша карантин 19 ақпанға дейін созылады. Содан кейін адамдар кемеден кете алады.

Жапонияда осыған дейін жаңа коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 161 жағдайы расталды. Оның ішінде 135 адам - Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері. Йокогама портына келіп тоқтағанда лайнерде 3700 адам болған.