Әскери тікұшақ апатқа ұшырады

01.09.2021 в 15:10

Тікұшақ Калифорния жағалауында теңізге құлаған

Сейсенбі күні әскери тікұшақ Калифорния штатының жағалауына жақын жерде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің 3-флотының сайтында жарияланған хабарламада Abraham Lincoln атомдық әуе тасымалдағышының бортынан аттанған MH-60S тікұшағы Сан-диего қаласынан шамамен 110 шақырым жерде теңізге құлағандығы айтылады. Болған оқиғаның себептері анықталып жатыр. Әскери-теңіз күштері АҚШ-тың Жағалау күзетімен бірге іздестіру-құтқару операциясын жүргізуде.

Теги: теңіз