Қанды оқиға қаладағы кәсіпорындардың бірінің аумағында болған
Лос-Анджелес маңындағы Монтерей-Парк қаласында бір адам халыққа оқ жаудырып, атыс кезінде он адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv
Қанды оқиға қаладағы кәсіпорындардың бірінің аумағында болған. Полиицияның дерегінше, күдікті адам ақ түсті «Пикап» көлігіне отырып көрші қалаға дейін қашып барған. Құқық қорғау органдары күдіктінің көлігін қоршап алғанда, ішінен атылған мылтықтың дауысы естілген. Бір жарым сағаттан кейін көлікке жақындап, есігін ашқан полиция қария адамның мәйітін көрген.
Алдын ала болжам бойынша, он адамның қанын мойнына алған адам – 72 жастағы Ху Цан Тран атты жергілікті тұрғын.
«Күдікті Торранс қаласынан анықталды. Өзімен бірге тұрғындарға оқ жаудырған қаруы табылды. Оның не үшін мұндай әрекетке барғаны әзірге нақты белгісіз», – деді Лос-Анджелес округінің шерифі Роберт Луна.