Португалияда туристер автобусы апатқа ұшырап, 30-ға жуық адам ажал құшты

18.04.2019 15:10

Қаза тапқандардың көбі германиялық туристер

Португалияның Мадейра аралында туристер отырған автобус апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға 17 сәуір күні кешкі сағат 18:30 шамасында орын алған. Автобус жолдан шығып кетіп, үйдің төбесіне құлаған.

Жергілікті БАҚ өкілдері, автобуста 55-ке жуық адам болған деп жазуда.

Қаза тапқандардың көбі германиялық туристер.

Қазіргі таңда, прокуратура оқиға байланысты тергеу жұмыстарын бастады.

Мадейра үкіметі үш күндік аза тұту жариялады.

Айта кетейік, Португалия премьері Антониу Кошта Twitter арқылы қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты.