16 желтоқсанда әлемдегі ең биік ғимарат - Бурдж Халифа келбеті Қазақстан туының түсіне боялды
Дубай Эмираты қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен ерекше құттықтауды жөн көрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
16 желтоқсанда әлемдегі ең биік ғимарат - Бурдж Халифа келбеті Қазақстан туының түсіне боялды. Бұның бір ерекшелігі – Бурдж Халифа ғимараты өз тарихында алғаш рет біздің мемлекеттің туының түсіне боялғанын атап өту қажет.
Әмірлік тараптың осы бастамасы өзара түсіністік, құрмет және сенім рухында дамып келе жатқан екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін тағы да дәлелдейді.