Париждің Құдай ана шіркеуіндегі алапат өрт сөндірілді
Фото Спутник
Алдын ала деректерге қарағанда, өрт шіркеудің жоғары жағындағы+ жөндеу жұмыстары кезінде тұтанған болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Париждің Құдай ана шіркеуіндегі алапат өрт сөндірілді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Le Figaro басылымына сілтеме жасап.
«Өрт сөндірілді. Қазір ғимараттың қызып тұрған қабырғаларын салқындатуға күш салып жатырмыз, өрттің қайта тұтанбайтынына көз жеткіземіз», - делінген өрт сөндірушілердің хабарламасында.
Өрт сөндірушілерге сілтеме жасаған Le Parisien газетінің хабарлауынша, өрт тек «ішінара сөндірілген».
Еске сала кетейік, Нотр-Дам де Пари шіркеуінде 15 сәуір күні жергілікті уақытпен 18:50-де өрт шыққан болатын. Алдын ала деректерге қарағанда, өрт шіркеудің жоғары жағындағы жөндеу жұмыстары кезінде тұтанған болуы мүмкін.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10