Ауруханаға жатқызылғаннан кейін бес күн өткен соң ерлі-зайыптылар вируста толық емделіп, ауруханадан шығарылды
56 жыл бірге тұрып, жұптары ажырамаған британиялық ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде жазылды деп хабарлайды Kaz.nur.kz.
Сидни Мур және оның 76 жастағы жұбайы Джин сәуір айының басында коронавирус жұқтырып, бірнеше күннен кейін инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Ем алу кезінде қос ғашықтың ажырамауы үшін медициналық қызметкерлер оларды бір бөлімшеге орналастырды. Сидни Мурдың айтуынша, оның әйелі өте нашар естиді, сол себепті ол оған барынша көмектескен, оған қоса дәрігерлер де оларға өте мұқият қарады.
Ауруханаға жатқызылғаннан кейін бес күн өткен соң ерлі-зайыптылар вируста толық емделіп, ауруханадан шығарылды. Қазіргі уақытта олар өз үйінде оқшаулануда деп жазады "Звезда" телеарнасы. Worldometr порталының 21 сәуірдегі мәліметтері бойынша, коронавирус инфекциясы Ұлыбританияның 16,5 мыңнан астам тұрғынының өмірін қиды.