|
02.03.2020 | 10:14
3522

Ғалымдар ракты иісінен анықтайтын құрт өсірмек

Нематод құрттарының ерекшелігі – иісті тез сезеді әрі ұнаған иісіне қарай жылжып, ұнамаған иісінен қашады

Ғалымдар ракты иісінен анықтайтын құрт өсірмек web.archive.org

Ғалымдар "жаман аурудың" 15 түрін иіскеп табатын жұмыр құрттар өсірмек. Мұндай бірегей әдісті жапон ғалымдары ойлап тапқан, деп хабарлайды Baq.kz РИА Новости-ге сілтемежасап.

Hirotsu Bio Science Inc компаниясының директоры Хироцу Такаакидің айтуынша, ғылымда нематод немесе қарапайым тілде жұмыр құрт атанып кеткен жәндіктің ерекше қабілеті бар.

"Нематод құрттарының ерекшелігі – иісті тез сезеді әрі ұнаған иісіне қарай жылжып, ұнамаған иісінен қашады. Сол қасиетіне сүйеніп адамның дәреттерін қойып, жанына құрттарды жібереміз. Егер құрт дәретке жақындаса, онда обыр жоқ деген сөз. Ал жақындамай қойса, онда бір кінәрат бар деген сөз", – дейді ғалым.

Бұл тәсілмен рактың 15 түрін ерте анықтауға болады екен: асқазан рагы, тоқ ішек рагы, өкпе рагы, кеуде рагы, омырау рагы, ұйқы безі рагы, бауыр рагы, қуықасты безі, өңеш рагы, аналық без рагы, өт қабы мен өт жолы, несеп жолы, бүйрек, ауызасты рагы, тамақ рагы.

Ракты анықтаудың мұндай тәсілін табуға ғалымдарға иттің қабілеті көмектескен. Өйткені ит те иісті тез сезеді әрі үйретуге, баптауға келгенде алдына жан салмайды. Бұған дейін жапон ғалымдары ракты анықтау үшін итті  пайдаланған еді. Ал пошымы кішкентай, ұзындығы 1 миллиметрге әрең жететін жұмыр құрттың артықшылығы – итке қарағанда иісті 1,5 есе тез сезеді. Құрылғы анықтай алмайтын иісті сезе алады. Ал бұл ракты ерте кезде анықтауға мүмкіндік береді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

құрт тесты
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир