Үйлену тойын шоумен Александр Белов және тележүргізуші Екатерина Варнава жүргізді
Украиналық «Без галстука» шоуының авторы, тележүргізуші Иванна Онуфрийчук қазақстандық Алмаз есімді кәсіпкерге тұрмысқа шықты. Неке қию рәсімі Мальдив аралдарында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Страна.ua сайтына сілтеме жасап.
Украиналық басылым мәліметінше, күйеужігіт қалыңдығының барлық «еркелігін» көтерген. Мальдив аралдарында болған үйлену тойының шығыны мен дизайнер Жордж Хобейкадан алған той көйлегінің құнын төлеген.
«Той Воава аралында өтті. Four Seasons қызметкерлері қызмет көрсетті. Воава аралына 22 адам сияды және оның құны күніне 40 мың долларды құрайды. Дан Балан, Дима Монатик, Lida Lee және Nino сынды танымал өнер иелері мереке қонақтарына ән салды. Сондай-ақ үйлену тойында Амадор Лопес RUMBERO's тобымен өнер көрсетті. Үйлену тойын шоумен Александр Белов және тележүргізуші Екатерина Варнава жүргізді», – деп жазды басылым.
Жұбайлар үлкен үйлену тойын жазда Украинада жасауды жоспарлап отыр. Жас жұбайлар екі елде тұрады. Өйткені күйеужігіт Швейцарияда жұмыс істейді.
Онуфрийчук болашақ жарымен Испанияда танысқан. Кейін ұзақ уақыт бойы телефон арқылы тілдесіп тұрған. Олар бір жылдан бері жақынырақ араласып, кәсіпкер сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған.