Такси жүргізушісі жолдан 50 мың доллар тауып алып, иесіне қайтарып берді
© elements.envato.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Либерияда мото-такси жүргізушісі Эмманюэль Туло жолдан 50 мың доллар тауып, иесіне қайтарып берді. Ақша иесі қаржысының жоғалғаны туралы радиода хабарлаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Жергілікті кәсіпкер ақшаны тауып алған жігітке алғыс ретінде 1,5 мың доллар берген. Ал ел президенті жас такси жүргізушісіне "адалдық амбассадоры" деген атақ берген. Енді 19 жастағы жүргізушіге ай сайын 500 доллар жалақы төленіп тұрады. Сонымен қатар ел президенті оның медициналық университеттегі оқу ақысын төлеп беруге уәде еткен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10