Такси жүргізушісі жолдан 50 мың доллар тауып алып, иесіне қайтарып берді

24.10.2021 в 17:20

Либерияда мото-такси жүргізушісі Эмманюэль Туло жолдан 50 мың доллар тауып, иесіне қайтарып берді. Ақша иесі қаржысының жоғалғаны туралы радиода хабарлаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.


Жергілікті кәсіпкер ақшаны тауып алған жігітке алғыс ретінде 1,5 мың доллар берген. Ал ел президенті жас такси жүргізушісіне "адалдық амбассадоры" деген атақ берген. Енді 19 жастағы жүргізушіге ай сайын 500 доллар жалақы төленіп тұрады. Сонымен қатар ел президенті оның медициналық университеттегі оқу ақысын төлеп беруге уәде еткен.