18 жасқа дейін тегін жүреді: Жүкті әйел автобуста босанып қалды

20.05.2019 15:17

Сәби мен ата-анасын жедел жәрдем жақын маңдағы ауруханаға жеткізді

Барселонадан Брюссельге қарай бара жатқан әйел автобуста босанып қалды, деп хабарлайды Life.ru.

«Автобустағы адамдардың көбісі ұйықтап жатқан болатын. Жүргізуші не болып жатқанын түсіндірген соң, бәріміз автобустан шықтық», - дейді туристердің бірі.

Араға жарты сағат салып әйел аман-есен босанды. Сәби мен ата-анасын жедел жәрдем жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.

Кейін нәрестенің есімін Зенеп деп қойғаны белгілі болды. Ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін автобуспен тегін жүре алады.