Америкалық ең қарт бортсерік Гиннесс рекордтар кітабына енді

04.07.2022 15:17

Ол авиация саласында 65 жыл еңбек еткен

Фото: СNN

Авиация саласында 65 жыл еңбек еткен Бостон тұрғыны әлемдегі ең қарт бортсерік ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 86 жастағы Бетт Нэш 1957 жылы қазір жоқ Eastern Airlines әуекомпаниясында бортсерік болып жұмыс істей бастаған. Қазір ол American Airlines компаниясында жұмыс істейді.

Нэш карьерасының көп бөлігін Нью-Йорк-Бостон-Вашингтон рейсінде өткізгенін айтады, өйткені бұл оған мүгедек ұлына күтім жасау үшін түнде үйге оралуға мүмкіндік берген.

Нэш Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі жұмыс істейтін ең қарт бортсерік ретінде кірді.