Өрт Индонезияның Бантен провинциясында орналасқан түрмеден шыққан
Индонезияның Бантен провинциясында орналасқан түрмеде алапат өрт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Әділет министрлігінің түрме депаратментінің баспасөз хатшысы Рику Априанттың айтуынша, әзірше 40 адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат бар.
Төтенше оқиға түнде басталған. Түрмеден адамдарды эвакуациялау шаралары әлі де жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.