Португалияда жер сілкінісі болды

27.08.2024 15:19

Дүмпулер таңғы 05:00-де тіркелген

wikimedia

26 тамызда Португалияда жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желіге сүйенсек, зілзаланы Порту, сондай-ақ Испания мен Мароккода тұрғындары сезген. Португалия теңіз және атмосфера институтының (IPMA) мәліметтері бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 5,3 баллды құрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Португалия үкіметінің хабарлауынша, болған жер сілкінісі елдің табиғи апаттарға дайындығын тексеруге мүмкіндік берді.

"Бұл табиғи апат біздің қажетті құралдарымыздың, дайындығымыздың бар-жоғын түсіндіреді. Сондай-ақ дайындықты тексеруге мүмкіндік береді", - деді Паулу Рангел, Португалия СІМ басшысы.

Дүмпулер таңғы 05:00-де тіркелді, олардың эпицентрі Синиш қаласынан батысқа қарай 58 км жерде, теңізде 21 км тереңдікте болды.

Португалия теңіз және атмосфера институтының (IPMA) мәлімдемесінде жер сілкінісі адамдарға және олардың мүлкіне зиян тигізбеді делінген.