Австралиядағы өрттен аман қалған жануарларды қолдан тамақтандырып жатыр

13.01.2020 в 15:21

Желі қолданушылар үкіметтің хайуандарға көрсетілген қамқорлығына риза болып жатыр

Австралия үкіметі өрттен зардап шегіп, азықсыз қалған жануарларға тікұшақпен аспаннан көкөністер тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа Уэльс штатының қоршаған орта министрі Мэтт Кин жануарларды азықпен қамтамсыз ету жұмысын «Шатқалды кенгуру операциясы» деп атапты.

Оның сөзінше, аңдарға көкөністерді таратумен австралиялық ұлттық саябақ және қоршаған орта қызметі айналысқан. Бірнеше мың килограмм сәбіз бен тәтті картоп тікұшақтан өрттен кейін аман қалып, айдаланы кезіп жүрген жануарларға тасталған.  

«Бүгін қызметкерлер бірнеше мың килограмм азықты тікұшақтан тастады», - деп министр әлеуметтік желіде жазды.

Желі қолданушылар үкіметтің хайуандарға көрсетілген қамқорлығына риза болып жатыр. Дегенмен, олардың арасында «көкөністер жаңбыры» салдарынан аңдар зардап шекпесе екен десіп жаттты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Австралияда күздебасталған өрт әлі де өршігіп тұрғаны айтылған еді. Тілсіз жаудың кесірінен миллиардтан астам жануар қырылған. Бұл өрт қасақана ұйымдастырған болуы мүмкін екен.

Теги: Австралия