Америкалық «Perseverance» марсоходы Марсқа сәтті қонды (видео)

19.02.2021 в 15:26

Бұған дейін орбитаға БАӘ мен Қытайдың роботтары кірген

Америкалық «Perseverance» марсоходы Марсқа сәтті қонды. NASA аэроғарыш агенттігі ресми сайтында тікелей эфир жүргізген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Аэроғарыш агенттігінің бейнежазбасында сәтті қону туралы марсоход бортынан берілген деректерге басқарма орталығындағылардың қатты қуанғаны байқалады. Марсоходтың басты мақсаты – Қызыл ғаламшардан бактериалды өмірдің іздерін іздеу.

Ғалымдар егер Марста өмір сүргендер болса, онда ол 3-тен 4 млрд жыл бұрынғы кезеңге сәйкес келетініне сенімді. «Perseverance» соңғы айда Марсқа келген үшінші ғарыш аппараты. Бұған дейін орбитаға БАӘ мен Қытайдың роботтары кірген. Бұл үшеуі де Жер бетінен 2020 жылдың шілдесінде аттанған.