Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ұлттық антитеррорлық комитеттің (ҰАК) ақпарат агенттігі мәлімдеді
Екатеринбург қаласында контртеррористік операция барысында үш содырдың көзі жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Федералдық қауіпсіздік қызметкерлері Екатеринбург қаласында лаңкестік әрекеттерге дайындықтың жолын кесті. Қаланың Чкалов ауданында контртеррористік операция өткізілді. Оның барысында лаңкестік қызметке қатысы бар үш содыр өлтірілді», - деп хабарлады комитеттен.
Сондай-ақ, арнайы операция кезінде қолдан жасалған жарылғыш құралдар, қару-жарақ және оқ-дәрілер табылған.