Канадада бір топ адам премьер-министрге тас лақтырды

07.09.2021 15:28

Олар міндетті вакцинацияға наразылық білдіріп, ел тұрғындарының құқығы мен бостандығын қорғауды талап етті

© AFP 2021 / Kay Nietfeld / dpa

Канадада наразылық білдірушілер елдің министрлер кабинетінің басшысы Джастин Трюдоға тас атты. Оқиға Онтариодағы сайлауға қатысты митингіден кейін, саясаткер автобусқа отырып жатқанда болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Тастың бір бөлігі премьер-министр Трюдоға, ал бір бөлігі оның күзетшілеріне тиді.

Алайда олардың ешбірі ауыр жарақат алмаған.

Канадалық премьер-министрмен кездесуге Трюдо саясатымен келіспейтін азаматтар келді. Олардың арасында Канада халық партиясының жақтастары да болды.

Олар коронавирус инфекциясына қарсы міндетті вакцинацияға наразылық білдіріп, ел тұрғындарының құқығы мен бостандығын қорғауды талап етті.