Америкалық Rocket зымыраны апатқа ұшырады

13.06.2022 15:29

Салдарынан зымыран спутниктерді орбитаға шығара алмады

Depositphotos

Astra Rocket зымырантасымалдағышының Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағында (Флорида, АҚШ) іске қосылуы сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған зымыран SLC-46 ұшыру алаңында 2022 жылдың 12 маусымында Нұр-Сұлтан уақытымен 23 сағат 43 минутта ұшырылып, тікелей эфирде көрсетілді. Бірақ ұшыру басталғаннан кейін 7 минут 22 секундта екінші сатыдағы қозғалтқыш жоспарланған мерзімнен 70 секунд бұрын ажыратылған. 

Салдарынан зымыран спутниктерді орбитаға шығара алмады. Зымыранның екінші сатысы жоғалды және Astra ұшырылды, Rocket төтенше жағдайға ұшырады.

 

Толық көрсету