Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Лахнау қаласында жаназасын шығарып жатқан ер адам аяқ-астынан қозғалып, тіріліп кеткен. Ал дәрігерлер алдында оны өлді деп, ауруханадан шығарып тастаған, деп хабарлайды Lenta.ru.
Көлік апатына ұшыраған 20 жасар Мұхаммед Фуркан 21 маусымда, яғни жұмада жекеменшік ауруханаға жеткізіледі. Ал дүйсенбі күні, яғни 24 маусымда дәрігерлер өлді деп жігіттің денесін туысқандарына табыстайды. Қайғы жамылған отбасы жерлеуге дайындалады.
Молаға Фурканның денесін қойып жатқан адамдар оның қозғалатынын байқайды. Бірден олар мүрдені ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлер бірден оны тыныс алу аппаратына қосады. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте нашар, өлім мен өмірдің арасында жатқан адам. Бірақ белгілісі, оның миы жұмыс істеп жатқан.
«Жүрегі әлсіз болсын соғып тұр, қимыл-тіректері де қозғалыста», - деді дәрігер.
Фурканның үлкен ағасы Ирфан бауырын емдету үшін 700 мың рупий төлегендерін, бірақ ақшалары бітіп қалғанын айтқанда дәрігерлер оны өлді деп ауруханадан шығарып тастағанын айтады.
Қаланың бас дәрігері Нарендр Агарвал бұл оқиаға қатысты қызметтік тексеру басталғанын мәлім етті.