Олар кедендік бақылаудан заңсыз өткен болатын
Наурызда депортацияланған Қазақстанның екі азаматы Оңтүстік Кореяда қалу үшін қашып жүрген. Сот оларды босатуды туралы шешім қабылдады. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
"Екеуіде Кореяда айыппұл төлеп, Отанға қайтады. Олар үш жылдық жазадан құтылды. Кім тілекші болды, барлығына рахмет. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ Кореядағы консулдарға ерекше алғыс айтамыз", - деді адвокат Мейірман Шекеев.
Айта кетейік, 25 наурызда 2002 және 2005 жылғы екі қазақстандық Кореяға барған. Алайда құжаттардың дұрыс болмауына байланысты кедендік бақылау қызметкері оларды елге кіргізбей, депортациялау үшін күту залына жіберген. Ер адамдар рейсті күтіп отырып, әуежайдағы ұшу-қону алаңының маңындағы үш метрлік қоршаудан өтіп кеткен.
Кейін қазақстандықтардың бірі Тэджон қаласында дүкенде телефонын қуаттау кезінде ұсталған. Ұстап берген адамдарға 30 миллион вон (10 миллион теңгеден аса) сыйақы тағайындалған еді.
Кейінірек қашқын жігіттің екіншісі Сеулдің көші-қон қызметіне өзі келді. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді, алайда оның өзі келуі жазасын жеңілдеткен.
Екеуі де кінәсін мойындап, табыс табуға келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларға заңсыз шекарадан өту және қашу айыптарын таққан.
Оқи отырыңыз: Павлодарда жетім қызды жабылып зорлағандар сотталды