Бразилияда қаңтардың соңына дейін төтенше жағдай жарияланды

09.01.2023 15:33

Бірнеше сағат ішінде елдің құқық қорғау органдары тәртіпсіздікке қатысқандарды ұстады

politico.com

Бразилияның жаңа президенті Луис Инасиу Лула да Силваның инаугурациясынан соң экс-президенттің жақтастары елде жаппай тәртіпсіздіктер орнатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Мыңдаған адам жаңа президенттің жұмысына наразылық танытып, Ұлттық конгресс, Федералды Жоғарғы сот пен қазіргі президенттің резиденциясын басып алған. Бірнеше сағат ішінде елдің құқық қорғау органдары тәртіпсіздікке қатысқандарды ұстады.

«Бұл адамдарды ұлттық туымызды ұстамайтындай немесе Бразилия футбол құрамасының туы бейнеленген киім кие алмайтындай жазалау керек», - деді қазіргі президент Лула да Силва.

Соңғы жағдайларға байланысты елдің басқа аумағында іссапарда жүрген ол мемлекеттің астанасында қаңтардың соңына дейін Төтенше жағдай жариялады.