Нью-Йоркте тікұшақ құлады (ВИДЕО)

16.05.2019 15:33

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшқыш аман қалған

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тікұшақ құлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жергілікті журналист Сифан Гин тікұшақтың құлап бара жатқан сәтін видеоға түсіріп алған. Оның айтуынша, бортта болған жалғыз ұшқыш ұшу барысында өрескел қателік жіберген. Ұшақ қаладағы Гудзон өзеніне құлаған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшқыш аман қалған.