Филиппинде жанартау оянды

27.03.2022 в 15:34

Оның өзегінен атқылаған күл үйінділері 1,5 шақырым биіктікке дейін көтерілді

ҚазАқпарат

Филиппинде Таал жанартауы оянды. Оның өзегінен атқылаған күл үйінділері 1,5 шақырым биіктікке дейін көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Филиппиндік БАҚ-тардың хабарлауынша, елде қауіптіліктің үшінші (бестен) деңгейі жарияланған. Таалға жақын орналасқан елді мекендерден халықты эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.