Рио-де-Жанейрода арнайы операция кезінде 18 адам қаза тапты

22.07.2022 15:34

Оның біреуі полиция қызметкері

© Sputnik / Sergey Pytakov

Рио-де-Жанейро фавелаларында көлік ұрылары мен қарақшылар тобына қарсы кең ауқымды арнайы операция өтті. 18 адам қаза тапты, оның ішінде бір полиция қызметкері мен жергілікті тұрғын бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik-ке сілтеме жасап.

"Полиция баспасөз мәслихатында хабарлағандай, атыс кезінде 18 адам - 16 күдікті, полиция қызметкері және жергілікті тұрғын көз жұмды", - деп жазылған басылым материалында.

Рио-де-Жанейроның солтүстігіндегі Комплексу-ду-Алемао фавелаларында 400 арнайы жасақ, 10 броньдалған көлік және 4 тікұшақ қатысқан әскери және азаматтық полицияның бірлескен операциясы өтті.

Күш құрылымдарының қызметкерлері төрт адамды, оның ішінде Пара штатында тәртіп сақшыларын өлтірді деп айыпталған "Эскило" есімді бұзақыны ұстады. 48 мотоцикл, ірі калибрлі зеңбірек, төрт винтовка және екі тапанша тәркіленген.