828 метрлік ғимараттың шатырұшы найзағай тартқыш ретінде қызмет етеді
Дубайда орналасқан әлемдегі ең биік ғимарат – Бурдж-Халифа мұнарасын найзағай соқты.
Оқиғаның видеосын Дубайдың мұрагер ханзадасы Шейх Хамдан бен Мохаммад бин Рашид Әл Мактум Twitter-дегі аккаунтында жариялады.
Айта кету керек, мұнараның шатырұшы (шпиль) найзағай тартқыш ретінде қызмет етеді.
Бурдж-Халифа – Дубайда салынған 828 метрлік зәулім сарай, ол әлемдегі ең биік ғимарат саналады. Нысан Біріккен Араб Әмірлігінде 2010 жылдың 4 қаңтарында салтанатты түрде ашылды.
Бұдан бұрын желіде Еуропадағы ең биік ғимараттардың бірі – Санкт-Петербордағы Лахта орталығына найзағай түскені жайлы видео жарияланған еді. Ғимараттың биіктігі 460 метрден асады.
Nature’s flash ⚡ #Dubai #Lightning #Thunder #Slowmotion pic.twitter.com/B9V6r49cAJ
— Hamdan bin Mohammed (@HamdanMohammed) 13 апреля 2019 г.