|
21.02.2022 | 10:35
1006

Атасы мен немересі эскалатордан құлап кетті

Ер адам оқиға орнында қаза болды, ал немересі көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді

Атасы мен немересі эскалатордан құлап кетті Видеодан алынған кадр

Өзбекстанда 53 жастағы ер адам мен оның үш жасар немересі сауда орталығының төртінші қабатындағы эскалатордан құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 ақпанда кешкі 20:30 шамасында болған. 53 жастағы ер адам бесінші мен төртінші қабаттың арасында тепе-теңдік сақтай алмай құлап кеткен. Ер адам оқиға орнында қаза болды, ал немересі көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлер балаға жабық ми жарақаты, жамбас сүйегі сынған, оң жақ өкпенің контузиясы, маңдай аймағындағы жұмсақ тіндердің зақымдануы деген диагноз қойды. Қазір дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр

Елді дүрліктірген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.

Аталған дерек бойынша Науаи ішкі істер басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

бала
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир