Германияның Ханау қаласында болған қарулы шабуылдан қаза тапқандардың саны 9 адамға жетті

21.02.2020 17:57

Аталған елдің федералды прокуратурасы болған жайтты террористік қылмыс деп бағалап отыр

Kp.ru

Атқыштың өзі өлі күйінде тұрғылықты мекен жайында табылыпты. Бұл туралы ВВС басылымы жазды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Аталған елдің федералды прокуратурасы болған жайтты террористік қылмыс деп бағалап отыр. Себебі қаза болған 9 адамның бесеуі Түркия елінің азаматтары, қалғандары - күрдтер. Сол себепті Түркия Президенті Реджеп Тайып Эродган тексеру жұмыстарына барынша ат салысатынын жеткізді. Тергеу кезінде мұздай қаруланған немістің радикалды көзқарастарды дәріптейтіндігі белгілі болды.



Теги: Германия