Фехмидің айтуынша, келіні балаларды ұрып, әйеліне дұрыс қарым-қатынас жасамаған
Түркияда 65 жастағы жергілікті тұрғын 31 жастағы Қырғызстаннан келген келінін қатыгездікпен өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 12 қазанда кешке Текирдаг қаласында болған. Фехми есімді ер адам баласына тұрмысқа шыққан, екі бала тәрбиелеп отырған келінімен ұрсысып қалған. Оқиға болған күні келіншектің күйеуі үйде болмаған.
Фехмидің айтуынша, келіні балаларды ұрып, әйеліне дұрыс қарым-қатынас жасамаған. Фехми келінінен балаларды ұрмауды өтінген, бірақ ол тыңдамаған.
Жанжал кезінде келіні Аятты қайын атасы пышақтаған. Оның мәйітін жасыру үшін арамен денесін бөлшектеп, бір бөлігін қоқыс жәшігіне лақтырып, ал екіншісі көліктің жүксалғышына тығып қойған.
Ер адам қылмыстың ізін жасырып жатқан кезде, әйелі үйге келген. Ол қанды көріп, Фехмиден не болғанын сұраған. Күйеуі қылмысын мойындап, әйел полицияға хабарласқан.
Өлім алдында Аят инстаграм парақшасын белсенді түрде жүргізген. Әйел парақшасын «Декреттегі ананың күнделігі» деп атап, отбасы мен Түркиядағы өмірі туралы айтқан.
Жас ана соңғы жазбасын 10 қазанда жариялаған.