Норвегияда ер адам садақпен 5 адамды атып өлтірді
inform.kz
Шабуыл жасаған адам ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Норвегияның Кунгсберг қаласында белгісіз ер адам садақпен бірнеше адамды атып тастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі lenta.ru сілтеме жасап.
«Шабуыл салдарынан 5 адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды», – деп мәлім етті полиция өкілі Эйвинд Аас.
Оның айтуынша, шабуыл жасаған адам ұсталды. Ол жалғыз әрекет еткен.
Норвегиядағы NRK телекомпаниясының хабарлауынша, полиция қызметкерлеріне бірнеше көшені жабуға тура келген.
Келіп түскен ақпаратқа сәйкес ер адам Coop Extra супермаркетінде оқ атқан. Әзірге күдіктінің бұлай істеуіне не себеп болғаны белгісіз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30