Перуде автобус жардан құлап, 24 адам қайтыс болды

19.09.2023 в 15:37

Қайтыс болғандар арасында балалар да бар

Фото: AP

Перудің оңтүстігінде автобус жардан құлап, кем дегенде 24 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті RPP радиостанциясы Анко аймағының басшысы Мануэль Севаллосқа сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, Хуанта қаласынан Хуанкайо қаласына бет алған автобус 150 м биіктіктен құлап, 20-ға жуық адам ауруханаға жеткізілген.

«Оқиға орнында 24 адам қаза тапты. Қайтыс болғандар арасында балалар да бар», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша оқиғаға жаңбырдың жаууы себеп болған.