Ер адам бас-сүйек, арқа, қол, иық жарақатын алып, жүрегі мен өкпесіне зақым келген
Шотландияда ер адам тойда құлап, жансақтау бөліміне түскен. Бұл туралы Scottish Daily Record жазды, деп хабарлайды РИА Новости.
Уэст-Лотиан облысының тұрғыны Крис Мэллон қонақүй қызметкеріне тойға әкелген сыйлықтарды бөлмеге апаруға көмектеспек болған. Сол кезде баспалдаққа сүрініп, 3,7 метр биіктіктен құлады.
Ер адам бас-сүйек, арқа, қол, иық жарақатын алып, жүрегі мен өкпесіне зақым келді. Дәрігерлер науқастың жағдайын жол-көлік апатынан аман қалған адаммен салыстырды.
Мэллон он күн бойы жансақтау бөлмесінде жатты. Есін жиған кезде, біраз нәрсені ұмытып қалғаны белгілі болды.
"Мен оның есін жиғанын көрдім. Бірақ ол қатты ұялды. Өйткені біздің үйленгенімізді де ұмытып қалған еді", — деді әйелі Аврил.
Кейін жұбайына өздерінің тойын есіне салу үшін Аврил екеуі билеген өлеңді айта бастады. Сонда ер адам оған қосылып, болған жайт есіне түсе бастаған.
Содан кейін Крис бірнеше апта дәрігерлердің бақылауында болған. Оның өкпесі қабынып, тыныс алатын арнайы аппарат қосуға тура келген.
Дәрігерлердің бастапқы болжамы бойынша, ер адамға қалпына келу үшін жарты жыл керек. Бірақ бір айдан соң ол үйіне қайта алатын жағдайда жетті.
Әзірге Мэллонға спортпен айналысуға, шалт қимылдауға тыйым салынған. Оның сол құлағы естімейді және дәм сезбей қалған.