|
02.12.2021 | 12:14
2514

Әлемдегі ең қымбат қала анықталды

Жаңа рейтингте Париж бен Сингапур екінші орынды бөлісіп отыр. Үшінші орында Цюрих тұр, ал Гонконг төртінші орынға түсті

Әлемдегі ең қымбат қала анықталды provodniq.com

Economist Group "2021 жылда әлемдегі өмірдің бағасы" атты зерттеудің нәтижесін жариялады. Биыл 173 қаланың ішінен Израильдің Тель-Авив қаласы өмір сүру үшін ең қымбат қала болып танылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Мегаполис осы рейтингте алғаш рет бірінші орынға шықты. Былтыр Тель-Авив бесінші орында болған. Ал оның алдында Париж, Гонконг, Осака мен Женева тұрды. Осылайша, бір жылдың ішінде Тель-Авив қымбатшылық жағынан бес бірдей қаланы артта қалдырды.

Жаңа рейтингіде Париж бен Сингапур екінші орынды бөлісіп отыр. Үшінші орында – Цюрих, ал Гонконг төртінші орынға түсті. Одан кейін Нью-Йорк, Женева, Копенгаген, Лос-Анджелес пен Осака тұр.

Сарапшылардың айтуынша, биыл израильдік шекельдің долларға шаққандағы бағамы күшейді. Ал азық-түлік қымбаттады, қоғамдық көлікте жол жүру ақысы да көтеріліп кетті.

Тель-Авивте тауар мен қызметтердің бағасы орташа есеппен 3,5 процентке өскен. Сол себепті биыл осы мегаполис ең қымбат қалалардың көшін бастады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир