Зардап шеккендер жоқ
Алдын ала мәліметтер бойынша, метеориттің құлау жылдамдығы секундына 15-20 шақырымға жеткен. Оның қирандылары Ослодан батысқа қарай 60 шақырым жердегі қорыққа құлауы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
RG мәліметтері бойынша, Осло тұрғындары от болып, құлап келе жатқан шарды көргендерін айтты. Айнала бірнеше секундқа күндізгідей жап-жарық болып кеткен.
Зардап шеккендер жоқ.
Норвегиялық метеорологиялық жүйесі аспан денесінің қозғалысын бақылап жүргендерін айтқан. Метеорит алғаш рет Ослодан солтүстікке қарай Нордмарка ауылының үстінен көрінген, кейін ол оңтүстік-батысқа қарай жылжып отырған. Содан кейін аспан денесі бірнеше бөліктерге бөлініп кеткен.
Метеорит құлаған кезде күшті толқынын тудырған оны көптеген адам сезген.